31
январь
2025
«Ертеңіңді ойласаң,есірткіге жолама!»
Жетісу облысы,Қаратал ауданы,Қ.Байсейітов орта 2025 жылдың қаңтар айының 31 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.Килтбаева мен А.Имангалиеваның ұйымдастыруымен «Ертеңіңді ойласаң,есірткіге жолама!» атты мектеп оқушыларының қатысуымен үгіт бригадасының насихаттау іс-шарасы өтті. Есірткіге қарсы үгіт бригадасы жастар арасында есірткідің зиянды әсерлері туралы ақпарат беріп, олардың болашаққа деген жауапкершілігін арттыруға тырысу.«Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» атты үгіт бригадасының мақсаты — жастар арасында есірткіге қарсы күрес жүргізу, есірткінің зиянды әсері туралы ақпарат тарату және жастарды есірткіден аулақ болуға үгіттеу. Бұл бригада есірткіге деген көзқарасты өзгертіп, оның қоғам мен адам өміріне тигізетін теріс салдарын көрсету арқылы жастардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, адам өмірінің маңызды аспектілеріне, болашаққа деген жауапкершілікке баса назар аударады.