22
январь
2025
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау және қолдану"
Жетісу облысы,Қаратал ауданы,Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында , "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерді насихаттау және қолдану" жоспарына сәйкес әр аптаның сәрсенбі күні Рәміздер күні белгіленген. Ағымдағы жылдың қаңтар айының 22 күні "Мемлекеттің басты белгісі" атты тақырыпта 1-4сынып оқушыларына тәрбие сағаттары, "Тәуелсіздігімнің асыл жаршысы -Мемлекеттік Рәміздер"атты тақырыпта 5-7-сынып оқушыларынан диктант, "Мемлекеттік Рәміздер -ұлттық мақтанышым"атта тақырыпта 8-11сынып оқушылары ой толғау жазды. Мақсаты:Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын түсіндіре отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.Міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңыздылығын түсіндіру.
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу қажеттілігі туралы оқушылардың санасында патриоттық сезім қалыптастыру.
3. Рәміздерді насихаттау барысында оқушылардың белсенді қатысуын ұйымдастыру.
4. Рәміздердің мәні мен маңызы туралы шығармашылық жұмыстарды ынталандыру.