«Қоғамдағы заң және тәртіп» » Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 26-5-30
Есепші бөлімі:
+7(72834) 26-5-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қоғамдағы заң және тәртіп»
10
январь
2025

«Қоғамдағы заң және тәртіп»

Жетісу облысы Қаратал ауданы Қ.Байсейітов орта мектебінде 2024-2025 оқу жылы 10-қаңтар күні «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде «Ұшқыр ой алаңы»жобасы аясында мектебіміздің ұйымдастырушы педагогы   Жарылқасын Ілияс Қуанышұлының    ұйымдастыруымен  9-10 сынып оқушылар арасында «Қоғамдағы заң және тәртіп» тақырыбында зияткерлік сайыс ойыны өтті. «Заң мен тәртіп» зияткерлік сайыс ойынының мақсаты – оқушылардың заңға құрметін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын көтеру, тәртіп пен заңдылықты сақтау қажеттілігін түсіндіру. Бұл ойын арқылы қатысушыларға заңдар мен құқықтық нормалар туралы тереңірек білім беріліп, олардың қоғамдағы рөлі мен маңызына көңіл бөлінеді.   «Заң мен тәртіп» зияткерлік сайыс ойынының тәрбиелік мәні де өте маңызды Ойын барысында қатысушылар құқықтық мәселелерді түсініп, өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ қоғамда дұрыс әрекет етудің маңыздылығын ұғынады.Тәрбиелік мәні тұрғысынан, бұл сайыс оқушыларға:1. Құқықтық жауапкершілік – әр адам өз іс-әрекеттерінің заң алдында жауапты екендігін түсінеді.
2. Қоғамдық тәртіпке құрмет – заңдар мен тәртіпті сақтау, қоғамда үйлесімді өмір сүру қажеттілігі қалыптасады.
3. Азаматтық ұстаным – азамат ретінде өзінің құқықтары мен міндеттерін білу, оларды қорғау және құрметтеу.
4. Әдептілік – тәртіпті болуға, өзара құрмет көрсетуге, жауапкершілікті сезінуге үйретеді.
Осылайша,  жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, қоғамда заң мен тәртіпке деген жауапкершілік пен құрмет сезімін нығайтады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив