04
март
2026
«Инклюзивті орта қалыптастыру: мұғалім рөлі»
Қ.Байсейітов атындағы орта мектепте наурыз айының 4-і күні «БОЛАШАҚ» бастауыш сынып бірлестігінің апталығының жоспарына сәйкес бастауыш сынып мұғалімі,мектеп дефектологы Оражанова Айнұр Мамырханқызы «Инклюзивті орта қалыптастыру: мұғалім рөлі» атты таныстырылым өткізді.Таныстырылымның мақсаты: Әр баланың сапалы білім алуын қамтамасыз ету,оқушылар арасында теңдік пен құрмет қалыптастыру,әлеуметтік бейімделуге көмектесу,қолайлы психологиялық орта құру. Мұғалімнің негізгі рөлі:Әр оқушының ерекшелігін ескеру,сабақта қолайлы атмосфера қалыптастыру,оқытудың әртүрлі әдістерін қолдану,оқушыларды қолдау және ынталандыру.Міндеті:барлық балалар бірге оқиды,әр оқушының ерекшелігі ескеріледі,қажетті қолдаулар мен ресурстар ұсынылады,тең құқықты қарым-қатынас орнатылады.Таныстырылымда Айнұр Мамырханқызы мұғалімдерге Инклюзивті ортаның артықшылықтары, мұғалімнің қолданатын әдістері және инклюзивті сыныптағы мұғалімнің міндеттері жайлы және инклюзивті білім беру – заманауи білім жүйесінің маңызды бөлігі,мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен қолдауы арқылы әр оқушы өзін қауіпсіз әрі тең сезінетін орта қалыптасатынын айтып өтті.