02
март
2026
«БОЛАШАҚ» бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы
Қ.Байсейітов атындағы орта мектепте наурыз айының 2-і күні «БОЛАШАҚ» бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы өтті. Бастауыш сынып бірлестігінің апталығының ашылуы – бұл оқушылардың білімге қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және ұстаздардың тәжірибе алмасуына бағытталған маңызды іс-шара.Апталықтың мақсаты:• Оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын арттыру• Танымдық белсенділігін дамыту• Шығармашылық қабілеттерін ашу• Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау• Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау• Ата-аналармен байланыс орнатуАпталықтың ашылу барысында,мұғалімдер мен оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін таңғы амандасудан бастап,бастауыш сынып оқушыларының мерекелік ән,өлеңдерімен жалғасып,қонаққа келген кейіпкерлер оқушыларға сыйлықтар таратты.