04
September
2024
«Ата-ананың мектептегі бір күні»
Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде 2024-2025 оқу жылында отбасы күніне орай «Ата-ананың мектептегі бір күні» жалпы мектепішілк ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп испекторы Н.К.Айкенова ата-аналарға балалардың мектептегі және қоғамдық жерлерде қауіпсіздік тақырыбында арнайы бейне роликтар көрсетіп, брошюралар таратты.
Жиналыс барасында түрлі тақырыптар қозғалып ата-аналарға электроскутер, мопед, мотоцикл, электросамокат құрылғыларын жүргізудің бала өміріне қауіпті екендігі жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп формасына қойылатын талаптар және құқықбұзушылықтың алдын алу,ата-аналарға балалармен қарым-қатынасты нығайту, отбасы институтын күшейтуге қажетті дағдыларды дамыту, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және оларға қарсы қылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүргізілді.
https://www.facebook.com/100033218251251/videos/27150529784534404/