06
November
2023
"Діннен адастырар теріс ағым"
Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл"Діннен адастырар теріс ағым" тақырыбында Жетісу облысы ,Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы орта мектебінің 2023-2024 оқу жылында Дінтанушы және тарих пәнінің мұғалімі Ерназаров К. 9-10 сынып арасында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты
Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет беру, біле отырып, олардан аулақ болуды түсіндіру.