03
May
2023
Ерлік сабағы
Жетісу облысы,Қаратал ауданы Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Абдыказыров "Ерлік-елдің қасиеті,жүректілік жігіттің қасиеті" атты ерлік сабағын өткізді. Ерлік сабағының мақсаты әскери-патриоттық қозғалыс тәрбиеленушілерінің туған еліне, жеріне, Қазақстанның Қарулы күштеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру болып отыр.Шара барысында патриотизм мен ұлтжандылық тақырыптары сөз болды. Қарулы күштердің 30 жылдық тарихы мен қазақ әскерінің қазіргі уақыттағы жетістіктері айтылды. Ерлікке бағдар болған сабақ барысында жас сарбаздықтар ардагерлер мен әскери қызметшілер тарапынан ойларындағы барлық сұрақтарына жауап алды.!