15
April
2022
"Жалын'әскери патриоттық ойын
Almaty region Қаратал ауданы Қанабек Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебінің базасында Қаратал ауданының білім бөлімі және Көлбаевтар отбасының ұйымдастыруымен Қаратал ауданының Құрметті азаматы алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған Қапаш Қазбалаұлы Көлбаевты еске алуға арналған"Жалын'әскери патриоттық ойын өтті.Ойында аудан мектептерінен құралған 10 қоманда қатысып,сап түзеу,карта бойынша іздеу және арқан тартысудан жарысқа түсті.Әскери-патриоттық ойынға Ауған соғысының ардагері Қаратал ауданының Құрметті азаматы Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Болат Жақсыбаев,55078 Әскери бөлімінің тәрбие және идеология жөніндегі орынбасары Құрбанов Камилжан Қасымұлы,Қаратал ауданы білім бөлімінің басшысы Қуат Тәттіғалиұлы, Оңғаров Жолбарыс батыр ауылдық округінің әкімі Ермек Досанаманов, марқұм Қапаш Қазбалаұлы мен жары Сәуле Кәріпбайқызының тай құлындай тебісіп бірге өскен дос-жарандары,құда-жекжаттары,ауыл тұрғындары қатысты.Келген қонақтар мектеп ауласына алма ағашын отырғызды.
Жарыс қорытындысы бойынша Кәлпе орта мектебінің командасы бірінші орынды иеленіп оларға диплом және компьютер табысталды, екінші орынды М.Горький атындағы орта мектебі иеленді.Оларға дипломмен қоса принтер сыйға тартты, үшінші орынды Жамбыл мектебі иеленіп бағалы шаңсорғыш ұтып алды.Жүлделі орын алған командалар жетекшілеріне Қара Mayор Ерлігі және Отан Ерлік ордендері берілді.Іс-шарада Алматы облыстық филармониясының әншілері ән салып жиналған қонақтардың көңілін көтерді. Жас жеткіншектерге патриоттық , Отансүйгіштік тәрбие беруде осындай іс-шаралардың берері мол.Әскери патриоттық ойын ұйымдырған Көлбаевтар әулетіне береке бірліктеріңіз арта берсін