15
январь
2024
ЕСКЕРТУ!!!
Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары мен қонақтары !!!«Крещения Господня» мерекесі аясында Қаратал ауданы аумағында арнайы
суға түсуге бейімделген орын бекітілмегенін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, Қаратал өзенінде суға шомылу кезінде адам өміріне
қауіп төндіруі мүмкін қатты ағым тұрғандығын және ауа-райына байланысты
өзен бетінде мұз қатпағандығын жеткіземіз.
Қаратал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі «Крещения Господня» мерекесі
кезінде суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және суға
түсуге бейімделмеген орындарда суға түсуге тиым салынатынын еске салады.