Біз туралы » Страница 3 » Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 26-5-30
Есепші бөлімі:
+7(72834) 26-5-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Білімім – Отаныма!» тақырыбында 1-10 сынып оқушыларына  бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
24
май
2024
«Білімім – Отаныма!» тақырыбында 1-10 сынып оқушыларына бірыңғай
Жетісу облысы, Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде 2023-2024 оқу жылында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында 1-10 сынып оқушыларына  бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.  9-11  сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында  мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларынан  эссе жазды.
"Сенің қуанышқа толы демалысың" гайдбуктері таныстырылып, таратылды.
24
май
2024
"Сенің қуанышқа толы демалысың" гайдбуктері таныстырылып, таратылды.
Жетісу облысы, Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебі Білім басқармасының 2024-2026 жылдарға жазғы каникул кезіңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру іс-шаралар жоспарының 2.6 тармағын орындау мақсатында , мектеп оқушыларына арналған "Сенің қуанышқа толы демалысың" гайдбуктері таныстырылып, таратылды.
"Соңғы үміт"  тарихи драма
24
май
2024
"Соңғы үміт" тарихи драма
Жетісу облысы, Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына Қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туралы жаңадан жарыққа шыққан "Соңғы үміт" деп аталатын толықметражды тарихи драмалық трейлерді көрсетілді.
“С.Нұрмағамбетов-халық үшін туылған батыр”
22
май
2024
“С.Нұрмағамбетов-халық үшін туылған батыр”
Жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында армия генералы  С.Нұрмағамбетовтің туған күні қарсаңында 2024 жылғы 23 мамырда сағат 10:00 де Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде “С.Нұрмағамбетов-халық үшін туылған батыр” тақырыбында бірыңғай ерлік сабағы өткізілді. 
Ата-аналар жиналысы
21
май
2024
Ата-аналар жиналысы
Жетісу облысы, Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде 2023-2024 оқу жылынан бастап жүзеге асырылып жатқан Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына "Тәлімменен өрілген біздің дәстүр" , 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына «Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына», 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына " Атадан өсиет, анадан қасиет " тақырыптарында мамыр  айындағы  қорытынды  8-сабағы өткізілді.  Ата-аналарды педагогикалық қолдау
"Олимп шыңы"
17
май
2024
"Олимп шыңы"
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 2024 жылдың 17 мамыр күні  2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша "Олимп шыңы" атты жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың пән олимпиадасы, зерттеу жобалары конкурстары, шығармашылық байқау мен оқуларының аудандық кезеңі жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті. Марапаттау шарасында үздіктер қатарынан көрінген білімгерлерге  І,ІІ, ІІІ дәрежелі диплом мен сыйлықтар  берілді.Дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шара жыл сайын жалғасын таба бермек.
"Менің анам" , "Менің отбасым" тақырыбында сурет байқауы
10
май
2024
"Менің анам" , "Менің отбасым" тақырыбында сурет байқауы
Отбасындағы құндылықтарды насихаттау мақсатында "Халықаралық отбасы күні" және Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі "Аналар күні"  (мамырдың екінші жексенбісі) мерекесімен толықтырылды. Осы мерекеге орай Жетісу облысы, Қаратал ауданы,  Қ.Байсеитов атындағы орта мектебінде 1-11 сынып оқушылар арасында "Менің анам" , "Менің отбасым"тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды.Ең үздік суреттер мектеп көрмесіне шығарылды.
«Жаса, Қазақстан!»  тақырыбында тәрбие сағаттары
06
май
2024
«Жаса, Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағаттары
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне  орай,   отан қорғаушы айбынды азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігін насихаттау мақсатында : Жетісу облысы, Қаратал ауданы,  Қ.Байсеитов атындағы орта мектебінің 1-4 сынып оқушылары арасында   «Ұлттық патриотизм»  тақырыбында тәрбие сағаты, 5-11 сынып оқушылар арасында «Жаса, Қазақстан!»  тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.
«Аурудың алдын алудағы иммунизацияның маңыздылығы» атты дәріс
24
апрель
2024
«Аурудың алдын алудағы иммунизацияның маңыздылығы» атты дәріс
Жетісу облысы, Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында , Дүниежүзілік  вакцинация – денсаулық сақтаудың ең үлкен жетістіктерінің бірі екендігін және ол бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы болатындығын түсіндіру мақсатында : 8-9 сынып оқушылар арасында мектеп медбикесі Жакупова Назым Ерболатқызы «Аурудың алдын алудағы иммунизацияның маңыздылығы» атты тақырыпта  дәріс оқып , арнайы жадынама таратты.
«Жол қозғаласының ережелерін білесізбе?»
23
апрель
2024
«Жол қозғаласының ережелерін білесізбе?»
Жетісу облысы, Қаратал ауданы,Қ.Байсеитов атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы»  аясында , балаларға көшеде, қоғамдық орындарда, соның ішінде төтенше жағдайларда қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін меңгеруге көмектесу мақсатында, «Жол қозғаласының ережелерін білесізбе?» атты тақырыбында 1-4 сынып оқушылар арасында сурет байқауы өткізілді.