“Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” интеллектуалды-танымдық сайысы » Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 26-5-30
Есепші бөлімі:
+7(72834) 26-5-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” интеллектуалды-танымдық сайысы
20
январь
2022

“Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” интеллектуалды-танымдық сайысы

Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” интеллектуалды-танымдық сайысы



Саламатсыздарма қадірменді қонақтар,  құрметті әріптестер және оқушылар!         Бүгінгі  “Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” атты  интеллектуальды-танымдық сайысына қош келдіңіздер!

Сіздермен бірге  интеллектуалды-танымдық сайысының жүргізушісі 

Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінің 9 сынып оқушылары 

 Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?”  интеллектуальды-танымдық сайысына 2  топ  қатыстырылады    және  білім  бәйгесін  баптап келген топ басшылары болуы тиіс.

Оң қанатта  «Жігер» тобы

Сол қанатта  « Дарын» тобы

Ал, енді сіздердің топтарыңызбен таныс болайық.

Мен екі топқа да сәттілік тілеймін!

Бүгінгі “Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?” интеллектуалды-танымдық сайысын  әсем  әнмен   әрлейтін мектебіміздің   әншісі Асылмұрат Амина 

    Жеңіс жолында 6 асу бар, сол асулардан сүрінбеңіздер, әр дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі.

Ал, қазір бізде І айналым.

І айналымда экран арқылы 4 бейне сұрақ болады. Сұраққа қарама-қарсы тұрған ойыншылар  жеке-жеке  жауап бере алады.

Сұрақты оқып болған соң, жалаушаны бірінші болып көтерген ойыншы

жауап  бере  алады. Дұрыс жауап 2 ұпай.  Ереже түсінікті болған  сияқты.  Ойыншылар  дайын  болса,  экранға  назар  аударайық.


1-ші бейне сұрағымыз  


 

Мына суреттер қалай аталады? Қайда орналасқан?

Жауабы: Тастарға салынған суреттер –петроглифтер деп аталады. Жетісудағы Шу-Іле Алатауындағы «Таңбалы тас» сурет қорымы. Мұнда әр дәуірде тасқа түскен мыңдаған өнер ескерткіштері бар.

2-ші бейне сұрағымыз.

Суретте қандай тарихи ескерткіш бейнеленген?


 

                                                  

Жауабы: Абай Құнанбаев ескерткіші.

Алматы қаласындағы Абай атындағы алаңға орнатылған ескерткіш (1960). Ескерткіштің тұтас биіктігі — 13,7 м.

Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры қызыл граниттен қаланған. Тұғырдың алдыңғы бетіне «Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845—1904)» деп жазылған. Мүсінші X. Е. Наурызбаев ақынның өмір белестерінен өтіп, халық қамқоршысы, ел ағасына айналған кезін, толыққан, салиқалы бейнесін жасаған. Ескерткіште басында тақия, иығына өңірі ашық желбегей шапан жамылған Абай сол қолына кітабын қысып ұстаған күйі терең ой үстінде ілгері басып келеді. Сәулетші И. И. Белоцерковский де ескерткіш тұғырын, ақын тұлғасын мазмұн жағынан байыта түсетіндей, Абайдың шыққан биігін символдық тұрғыдан бейнелей алатындай көлбеу өрлеткен. Ескерткіштің алдынан басталып, батысқа қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан әсем көше - Абай даңғылы ақынның поэзияда салған ұлы сүрлеуі іспеттес. Абай ескерткішіне қазақ және басқа ұлт ақындары (Қ. Мырзалиев, С. Сейітов, С. Хангелдин, Ө. Жайлауов, Ш. Садыханов, Н. Жарқынбаев, Т. Жұмамұратов, Г. Некрасов, М. Оспанов т. б.) өлең-жыр арнаған.[1][2]


3-ші бейне сұрағымыз.


 

Жауабы: «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Яссауи қабірінің басына тұрғызылғанТүркістан қаласында

4-ші бейне сұрағымыз

 


Жауабы: «Арыстанбаб кесенесі» 


Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. 

Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады.


ІІ  айналым« Кім білгір» деп аталады. 


  Экранға әр топқа бүгінгі тақырыпқа байланысты 15 сұрақтан беріледі. Топ 1 минут кеңесіп алып, жауап береді.


1 топқа:

1. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығын және көлемін ата.

(15 мың километрден астам, Аумағы - 2 724 ,9 км². )

2. Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді атап шық

(Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан)

3. Емельян пугачев көтерілісі туралы материал жинап жүргенде орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин болып кеткен қала қайсы (Орал қаласы)

4. Әлемдегі ең үлкен теңізді ата. (Каспий теңізі)

5. Қазақстандағы аяқтылардыың Каспий теңізін мекендейтін жалғыз өкілі (Тюллень-Итбалық)

6. Атырау қаласына тақау жерде археологтар Бату-хан негізін салған деп есептелетін ортағасырлық қала.

(Сарайшық қаласы)

7. Атырау қаласының Құлсары қаласы қатарында жатқан  Қазақстан аумағындағы  ең ірі мұнай кен орны қайсы

( Теңіз мұнай қоры)

8. Республиканың ең төмен жері қайда орналасқан? Ол әлемдік мұхит деңгейінен қанша метр төмен?

(Маңғыстау облысындағы Қарақия ойпаты,Ол әлемдік мұхит деңгейінен 132 метрге терең)

9. Үстірттен өзге өңірде кездеспейтін тау текесі

(Үстірт муфлоны)

10. Жылқының Қазақстанда сақталған алыс туысы, бір кездерде оның жан сақтайтын мекені Арал болған. 

(Құлан)

11. Адамның парықсыз әрекеті салдарынан ерекше жапа шеккен теңізді ата

(Арал теңізі)

12. Қазақстанның ең ыстық жері қай жер.

(Қызылорда облысындағы Қызылқұм шөлі)

13. Аңызға айналған ежелгі заман жыршысы және сазгері Қорқыттың қабірі қай жерде? (Қызылорда қаласына жақын, Сырдария жағасында)

14. Мыңдаған әулиелер қаласы қай қала? (Түркістан)

15. Ежелгі Гректерде Яксарт деген атауымен мәлім болған Қазақстандағы өзенді ата. (Сырдария )


2 топқа:

1. Арыс пен Сырдария өзендері қосылатын жерге жақын орын тепкен, Шыңғыс хан әскеріне күшті қарсылық көрсетіп, оның әмірімен күйретілген қаланы ата. (Отырар)

2. Бұл қаланың атын «шымнан жасалған қамал» деуге болады

(Шымкент)

3. Бұл қалада ежелгі заманның ұлы ғұлама ғалымы және философы Қожа Ахмет Яссауи туған. (Испиджаб қаласы)

4. Қазақстанның ең байырғы қорығы қалай аталады, ол қайда және қашан ашылған. (Ақсу –жабағылы қорығы. Ол Талас Алатауы қойнауында 1926 жылы ұйымдастырылған)

5.Ұлы қазақ ақыны, философ және сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Шыңғыс тауларында туып-өсті. Оның аты кім? 

(Абай Құнанбаев)

6. Әлемде сирек кездесетін кеміргіш, оны ғалымдар Бетпақдала шөлінен бұдан 60 жыл ілгеріде кезіктірген. ( Селивиния, жалман)

7.  Жартастарға басы күн тәрізді құдайлардың бейнесі ойып салынған, ШУ-Іле тауларында жатқан жердің аты қандай? (Таңбалы)

8. Гербінде алма бейнеленген қала. (Алматы)

9. «Алтын адам» табылған сақ обасы жанындағы қаланы ата. (Есік)

10.Қай қорықта ән салатын тау қорғалады? (Алтынемел қорығында)

11. «Даңққа бола емес, ғылым үшін» Қашғарияға шытырман оқиға мен қауіп қатерге толы саяхат жасаған белгілі қазақ ғалымы және ағартушысы, шығыстанушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы, журналист және географ кім? (Шоқан Уәлиханов)

12. Қазақстанның ең биік нүктесі. (Хан тәңірі шыңы 6995 метр)

13. Ғылымға сіңірген еңбегі үшін өзі зерттеген таулы аймақ аты фамилиясына қосып жазылатын, ХІХ ғасырдағы орыс ғалымы және саяхатшысы.

(Семенов- Тянь-Шанский)

14. Жекеленген жұптары Іле сырты және Жоңғар Алатауы өзендерінің жетуі қиын бастауларын мекендейтін ең сирек құстардың бірі. (Орақтұмсық)

15. Қазақстандағы батыс бөлігі тұщы, ал шығысындағы бөлігі тұзды көл қалай аталады?  (Балқаш)

ІІІ айналымға да келіп жеттік

Өнер  туралы  мақал-мәтелдің жалғасын табу.  

Әр топқа 8 мақал-мәтел беріледі.

1,5 минут  уақыт беріледі.  Сол 1,5 минут уақытта қанша  мақал-мәтелге жауап беретінін  білейік. Дұрыс жауап  2 ұпай.

1 – топқа

1.Атадан көріп оқ жонар

Анадан көріп   ….  пішер   (тон)

2.Бой істемейді, …. істейді  (қол)

3.Өнер көзі —  ……. (халықта)

4.Талаппен баста

……….. аяқта  (талғаммен)

5.Шын шеберде ….. болмас (мін)

6.Батыр адам қорқақты сүймес

Шебер адам ….. сүймес (шорқақты)

7.Үйренгенің өзіңе құт,

…….. еліңе құт. (істегенің)

8. ……. бала сүйкімді (Өнерлі)

2 – топқа

1.Бөрік — адамға …. (көрік)

2. Шебердің қолы ортақ, ()

.........................тілі ортақ (Шешеннің)


3.Өнерлінің қолы алтын

………… сөзі алтын (өлеңшінің)


4.Асыл тастан, …….. жастан (ақыл)

5.Алтын балдақ қол сәні

Әшекей  ……… тон сәні (кесте)


6.Талапты ерге ….. жауар (нұр)


7.Үлгісі көптің өрнегі көп,

Өнері көптің  …….. көп (ермегі)

8.Жеті рет піш

…….рет кес.(бір)

ІVайналым «Ойлан тап»

 Қазақ халқының  өткен ғасырларда күнделікті тұрмыс — тіршілігіне байланысты пайдаланған  заттар, көне аспаптар  атауларын атап, не қызмет атқарғанын түсіндіріңдер.  Дұрыс жауап 2 ұпай. Экранға назар аударайық.

І топқа

1.  Саба- кептірілген шикі теріні әуелі құрымға салып, құм кептеп қатырып, содан кейін ысқа салып төрт бойдан құрастырылған тері ыдыс.

2.   Шаңқобыз — темірден немесе күмістен жасалған сүйір тілшесі бар көне музыкалық аспап

ІІ топқа

1.  Ұршық  жіп иіретін құрал. Ұршықпен иіргенде  шеберден жүнді созу, оны мұрындыққа іліп қою, иіріліп келе жатқан жіпті біркелкі жинау, т.б.ширақ қимылдарды  қажет етеді.

2.Месқобыз (үрмелі аспаптар тобына жататын көне музыкалық аспап. Иленген  мал терісінен жасалады.Сырт көрінісі қымыз құятын ыдысқа ұқсас.Аузын бекітетін тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікшесі бар.


V айналым.   «Кәне, кім білгір?»


Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Еліміздің  кемел  болашағы да қазақ тілінде. Ана тілін меңгерген ұлтжанды білімді  ұрпақ еліміздің ертеңі, тәуелсіздіктің тірегі. Олай  болса сіздердің қазақ тілінен білімдеріңізді сынаймыз.

Экранда  фразеологиялық сөз тіркестері  беріледі, сол сөздің мағынасын табыңыздар.

Дұрыс жауап 1 ұпай.

1-топқа:

«Ұршықша иіру».

Жауап: Қазақта өз ісін «дөңгелетіп» алды деген сөз де бар, шаруасын тез меңгеріп алып, пайдасын көріп отыр деген мағынаны білдіреді.

«Шекесі торсықтай»

Жауап: Жаңа туған нәресте ер бала болғанда айтылады. Шекесі торсықтай ұл дүниеге келді деп сүйінші сұралады.

«Сабасына түсті»

Жауап: Ашуы тарқағаннан кейінгі адамның көңіл-күйі.

«Қамшының сабындай»

Жауап:  қысқа ғұмыр


2-топқа: 

Паш ету – жария ету.

Тонның ішкі бауындай

Жауап: Өте жақын, ажырамас дос



VI айналымға да келіп тоқтадық.

Бұл нағыз шешуші кезең. Әр ойыншыға екі әріп тиесілі. Мен қойған сұрақтарға осы әріптердің көмегімен жауап берулеріңіз тиіс. Топ басшылары сөздің дұрыс шығуына көмектесеміз.

Дұрыс жауап 1 ұпай.

Кезекті 1-топқа береміз.   К-Р, И-Е, І-И ,З-С

(Киіз) –  тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен  басылады. Қазақтардың байырғы ұлттық  баспанасы,    …….  үй.

(Кісе) – күмісті белдікке таққан былғары қалта; кіселі белдік

Алтын шекпен ерге жарасар,

Алтын кісе белге жарасар

(Есік) – киіз  үйдің сықырлауық дейтін бір бөлшегі

(Сері) — ертеде халық өнерпазды кім деп атаған?

Кезекті 2-топқа береміз.

Н-Р  , О-И, Т-М,  А-Г

(Нота) — музыкалық дыбысты қағаз бетіне түсіретін белгі

(Орам)- өлшем бірлігі; кеуде, мықын, белді айналдыра өлшейді

(Гимн) — салтанатты ән

(Отан)- менің елім, атамекенім

.

Ал енді ойыншылар міне біз  нағыз шешуші кезеңді де сәтті аяқтадық. Олай болатын болса, жеңімпаздарымызды ортаға шақырайық. Бүгінгі “Елім менің” интеллектуальды-танымдық сайысының жеңімпазы болған  топ марапатталады!

Құрметті көрермендер, қымбатты ойыншылар!

Азат еліміз, байтақ жеріміз, жаны жомарт ұл-қыздарымыз аман болсын.

Келесі кездескенше жүзіміз нұрлы, күніміз  шуақты болсын ағайын.








Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив