Кітапхананың жылдық жұмыс жоспары » Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 26-5-30
Есепші бөлімі:
+7(72834) 26-5-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
сентябрь
2021

Кітапхананың жылдық жұмыс жоспары

Бекітемін __________ мектеп директоры

                                            А.К.Турлыбекова





Қанабек Байсеитов атындағы МДШО  бар

орта  мектебінің мектеп кітапханасының

2021-2022 оқу жылына арналған

ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ







Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары:

1. Кітапхананың міндеттері мен ережелері.

            2. Негізгі бақылау көрсеткіштері.

            3. Балалардың ынтасы мен оқу ерекшіліктерін зерттеу.

            4. Оқырмандарды кітапханаға тарту жұмыстарын ұйымдастыру.

            5. Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, елжандылыққа, тәрбиелеу жұмыстары.

           6. Эстетикалық, этикалық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі және өлкетануға байланысты насихаттау.

           7. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, тілімізді насихаттауға бағытталған жұмыстар.

           8. Активтермен жұмыс

           9. Оқулықтарға байланысты жүргізілетін жұмыстар














Мектеп   кітапханасының  міндеттері  мен   ережелері


         Мектептің құрамды бір  бөлігі  -   мектеп  кітапханасы  болып   табылады. Ол тек қана   кітапты   сақтайтын,  тарататын   орын  болып  қана   қоймай,  сонымен қатар білім деңгейін көтеруге көмек көрсетеді, оларға бағыт- бағдар беріп отырады. Оқу тәрбие жұмысына белсене араласып, тығыз байланыста болады.

     Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды. 

           Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысында мектеп педогогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, творчествалық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана балалардың қоғамдық жұмыстарға араласуына ықпал етіп отырады. Сонымен бірге оқырмандарға қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін көрсетуі тиіс. Білім беру ақпаратында оқырман талабын басшылыққа алуға баса назар аудару керек.


Балалардың  ынтасы   мен  оқу  ерекшелігін   зерттеу  жұмыстары.

           Кітап  -   біздің  рухани  құндылығымыз,   теңдесі жоқ  байлығымыз.  Жан- жақты   білім  мен  тәрбие   берер  орталықтардың  бірі   мектеп  кітапханасы.  Балалардың   кішкентай  кезінен  бастап   кітапқа  деген  сүйіспеншілігін  арттыру   біздің басты міндетіміз.  «Кітап - білім бұлағы, білім -өмір шырағы»  бұл сөздерден  оқуға  деген   рухани  азық  жөнінде көп   ойларды  тоқуға  болады. Кітап   біздің  рухани  жан   азығымыз. Кітаптан  ақыл кеңес,  үлгі-өнеге,   тәлім        тәрбие  алады.    

        Кітапханада  әр   оқушының  жеке  кітап   оқуы  мен  ынтасы,   ерекшелігі зерттеліп,  қабілетіне  қарай   әдебиет  ұсынылады.  Библиографиалық шолу, дауыстап  оқу,   ауызша  әңгіме  айту,   тағы   басқа  да   библиографиялық жұмыстар   жүргізіледі.   Оқырмандарды  кітапхана   қызметімен,  тіршілігімен  таныстырады.   Кітап  арқылы  оқушылардың   жан-жақты  білім  алып ғылыми   және саяси  санасын  қалыптастырып , білім дәрежесін дамуына әсер ету, оқушыларға  кітап  таңдап   алуына  және  онымен   жұмыс  жасай  білуге   көмектесу.  Сондай-ақ  оларға   түсініксіз  мәселелерді,  фактілерді табуына  жетекшілік   ету .Олардың  бойында  жоғары    адамгершілік қасиеттерін   қалыптастыру  болып  табылады.   Оқушылардың  бойында  творчествалық   ізденісті ,  белсенділікті,  зерттеушілік   қасиеттерді қалыптастыру.   Сонымен  қатар  оқырмандардың   талап  тілектерін қанағаттандырып,  оқу   мәдениетіне  тәрбиелеу.  Қажет   болған  жағдайда тиісті  шешім   қабылдай  білуге  үйрету.



Кітапхана ұстанымдары


-  Жаңа  кітаптармен,   мерзімдік  басылымдармен  таныстырушы.

-  Оқушыға  әдебиет   таңдауға,  оқырмандық  қызығушылығын   кеңейтуге,      мұғалімге  кәсіби   өсуге көмектесуші.

-  Реферат,  зерттеу   жұмыстарын,  оқу  әдістемелік   материалды  дайындауға мүмкіндік  беруші.

Кітапхана    және  библиографиялық  жұмыстар

- Мектеп   оқушыларын  1-20 қыркүйек  аралығында   оқулықтармен  қамтамасыз ету. 

- 1-4 сынып   оқушыларын  кітапханаға  тарту   мақсатында   қаңтар  айында «Білім   көзі  кітапта»  тақырыбында   кітапханаға  саяхат  жасау.

- «Жаңа   кітаптар»  кітапханаға  келіп   түскен  жаңа  кітаптарға    көрме  ұйымдастыру   және   олармен  таныстыру.

- Әр  тоқсан  сайын   рейд  өткізу.  Рейдте   оқулықтардың  ұсталу  барысын тексеру.

- Мектепішілік   іс-шаралардың  барлығына  қатысу.   Мектептің  тәрбие ісі   жөніндегі,   ұйымдастырушы  завучтарымен  тығыз   байланыста  болу.

-2021-2022   оқу  жылының  аяғында   оқулықтарды қабылдау ,  олардың сақталуын  тексеру.


                        



Оқулықтарға  байланысты   жүргізілетін  жұмыстардың  түрлері


1.     Оқу  жылының   басында  сынып  жетекшілері   мен  пән  мұғалімдерімен  біріге   отырып  сыныптарды  оқулықтармен   қамтамасыз  ету.  №173 қаулы бойынша  анықтамаларын   жинақтап  аз қамтылған, әлеуметтік  тұрмысы  төмен, көп балалыотбасы,  жетім және   жартылай  жетім  балалардың   тізімін  жасау. Осы тізім бойынша  ең бірінші  кезекте   осы оқушыларды  оқулықтармен  қамтамасыз   ету. 

2.   Оқулықтардың  таза  ұсталуын   сынып  жетекшілері мен  оқушылардан үнемі  талап   етіп  отыру.

3.    Оқулықтардың  тазалығын  айына   1 рет  оқушылардан  сайлаған   активтермен  біріге  отырып тексеріп  отыру.

4.   Оқулықтарын  таза   ұстаған  сыныптар  аралығында   жарыстар  өткізу.

5.   Жыртылған  оқулықтарды   «Кітапхана емханасынан»   өткізу,  түптеу.

6.  «Кітабыңды таза ұста» деген  тақырыпта  әңгіме   өткізу.

7.  Аудандық  білім   бөлімінен  бөлінген  оқулықтарды   дер  кезінде  алып,    кітапхананың  есеп  кітабына   тіркеп,  белгі  соғып   отыру.

8.  Кітапхана  қорын   көнерген,  жыртылған  оқулықтардан,   оқу   бағдарламасына  сай   келмейтін  оқулықтардан тазартып  отыру.

                                                                                                 



Ай     аттары

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, тәрбиелеу

жұмыстары


Эстетикалық- этикалық  тәрбие, рухани  адамгершілік  тәрбиесі     

                     


«Ұстаздар күніне»  орай  өткізілетін     іс-шаралар

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрді, тілімізді насихаттауға бағытталған жұмыстар

Өлкетануға байланысты  насихаттау 

жұмыстары

Салауатты өмір салтын насихаттау

жұмыстары

Қыркүйек

«Нұрын шашқан – Ата заң» -тәрбие сағаты


« А.Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» кітап көрмесі жанындағы таныстырылым



«Құт дарыған киелі өлкем»   өлкетану бұрышы 


Қазан

«Бір ел бір кітап» акциясы

Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар...»

(Қ.Байсеитовтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі)


«Қалдырған ізің мәңгілік» тәрбие сағаты


«Жетісуым жерұйығым»

Кітап көрмесі

«Сен Қазақстанды білесің бе?»  интелектуалдық сайыс 5-9 сыныптар




Қараша

«Патриотизм ұлттық рухтың асқақ белгісі»-

Тәрбие сағаты

«Руханилықтың мөлдір бұлағы»  - кітап көрмесі


«Тілім менің баға жетпес байлығым »

Тәрбие сағаты


«Спорт – денсаулық кепілі» -тәрбие сағаты 

Желтоқсан


Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында бейнероликтер     салтанаты,   5-11 сынып

«Тұғырың биік болсын, Тәуелсіздік»

Кітап көрмесі




Мәдени мұра-біздің басты байлығымыз» 

Кітап көрмесі


«Кітап менің өмірімде»  тақырыбында оқушылармен сауалнама  өткізу.

«Табиғат алтын бесігің, Табиғатты қорға АДАМ» -кітап көрмесі жанындағы экскурсия


Қаңтар


«Кітап  рухани мұра»-тәрбие сағаты-кітапханаға экскурсия




«Мемлекеттік     Рәміздер – ұлт мақтанышы » әңгіме



      Ақпан



«Ел болашағы- білімді ұрпақ»

Тәрбие сағаты

«Мұзбалақ ақын Мұқағали» (М.Мақатаетың туған күніне арналған поэия кеші



«Табиғатты аялайық, адамдар»

әңгіме


Наурыз


Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай  «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында Жамбыл оқулары байқауын   өткізу


«Әлемнің жарығын силадың сен маған!»-аналар күніне арналған тәрбие сағаты

«Қазақ халқының салт-дәстурлері» кітап көрмесі

«Дені саудың жаны сау»

Тәрбие сағаты

Сәуір


«Қыз тәрбиесі-ұлт байлығы» 

Тәрбие сағаты


«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интелектуалдық 

ойын




Активтерімен жұмыс

    1.   Кітапхана активтерімен жұмыс нағыз оқырмандар коллективін тәрбиелеу болып табылады. Активтерді тәрбиелеу ісі кітапханашының күнделікті жұмысында балалармен әртүрлі көпшілік жұмыстарын өткізу барысында жүзеге асырылады. Актив оқырмандар арқылы көптеген балаларды кітаппен жұмыс істеуге  үйретіпе, кітапхана әлеміне қызықтырып олардың кітапқа деген ынтасын арттырады.

2.  Оқу жылының басында активтерді қайта сайлап, оған жетекшілік ететін оқырмандар жетекшісін сайлау.

3   Активтерді күн сайын кітапханаға кезекшілік етуін қамтамасыз етіп отыру. Активтерді кітапхана жұмысымен таныстыру.


                                                                

Кітапхана кеңесінде қаралатын мәселелер

р/с

Қаралатын мәселелер

Уақыты 

1

2021-2022 оқу жылына кеңес құрамын қайта сайлау

І-тоқсан

2

2021-2022 оқу жылының жұмыс жоспарын бекіту

ІІ- тоқсан

3

Ай сайынғы өткізілетін іс шаралардың өтілуін талқылап, қарап отыру

Үнемі

4

Кітапхананың қысқа дайындық жұмыстарын жүргізу

ІІ-тоқсан

5

Кітапхананың материалдық техникалық базасын нығайту

ІҮ-тоқсан


Кітапхана кеңесінің мүшелері

р/с

Аты-жөні

Қызметі

Кеңес құрамындағы

атқаратын қызметтер

1

Жумабекова Алия


Кітапханашы

Ұйымдастыру

2

Дюсекенова Эльвира


Бастауыш сынып мұғалімі

Жалпы басшылық

3

Оттықбай Арайлым

8-сынып оқушысы

9-11 сыныптарға рейд жүргізу

4

Рахматулина Анель

8-сынып оқушысы

5-8 сыныптарға рейд жүргізу

5

Адал Ақерке

8-сынып оқушысы

Бастауыш сыныптарға рейд жүргізу

Кітапханашы                                               А.Жумабекова









Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив