Ақпарат » Страница 36 » Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 26-5-30
Есепші бөлімі:
+7(72834) 26-5-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
ДЕБАТ
05
февраль
2022
ДЕБАТ
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту  Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру мақсатында Жетекші мектеп Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында дебат өтті
"Есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар
02
февраль
2022
"Есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар
Жетекші  мектеп Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінің педагог-психологы Г.М.Мырзанова жоспарға сай мектепалды даярлық тобы оқушыларымен "Есте сақтау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар" тақырыбында ойын жаттығулар өткізді. Мақсаты: балалардың белсенділігін, іскерлігін арттыру.
"Интернеттің пайдасы мен зияны"
31
январь
2022
"Интернеттің пайдасы мен зияны"
Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау  мақсатында Жетекші мектеп Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде "Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оқушылардың интернет туралы толық ойын қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, олардың ой - өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ізеттілікке  тәрбиелеу үшін мұндай іс-шаралардың берері мол.
"Дана тұлға,дара тұлға"
28
январь
2022
"Дана тұлға,дара тұлға"
Қаратал ауданы,Жетекші мектеп Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде 3-сынып жетекшісі Килтбаева Айгүл Мұратқызы "Дана тұлға,дара тұлға" атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға Қонаевтың ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
ИНТЕРНЕТСІЗ БІР КҮНІМ
27
январь
2022
ИНТЕРНЕТСІЗ БІР КҮНІМ
Қаратал ауданы Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде " Қауіпсіз Интернет"апталығының аясында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру:
"Діни экстремизм туралы не білеміз?"
20
январь
2022
"Діни экстремизм туралы не білеміз?"
Қаратал ауданы, Қанабек Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебінде  оқушылары арасында    "Діни экстремизм туралы не білеміз?" атты шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: жас өспірімдер арасындағы діни экстримизмнің алдын алу,радикалды ұйымдардың арбауына түсіп кетуден сақтандыру,ислам дінінің таза дін  екеніне көз жеткізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
"Отан от басынан басталады
17
январь
2022
"Отан от басынан басталады
Отан – отбасынан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп қабырғасынан да басталады. Ендеше,  жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу — басты парызымыз. Осындай мақсатпен Қаратал ауданы, Қанабек
"Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік"
13
декабрь
2021
"Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік"
Қаратал ауданы, Қанабек Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебінің 5-6-7 сынып оқушыларының арасында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік" тақырыбында интелектуалдық ойын өтіп, оқушылар Қазақстанның өткен тарихы туралы білімдерін кеңейтті.Сынып жетекшілер: Нұржан Мұхтарұлы,Бірлес Ермек, Айнұр Бектеновалар ұйымдастырған іс-шара өте қызықты да мазмұнды өтті.
Ұрпақтар сабақтастығы
13
декабрь
2021
Ұрпақтар сабақтастығы
Қаратал ауданы, Қанабек Байсейітов атындағы орта мектебінде аға буынмен арадағы байланысты нығайтып, рухани құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру бағытында   «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы  аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға барлық сыныптар атсалысып, түрлі тренинг,  дөңгелек үстелдер мен сабақтарды бірлесіп өткізіп келеді.  Зейнеткер ұстаз,,Қаратал ауданының Құрметті азаматы Сырғабала Медетбековамен  Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кездесу өтті.
Бала құқығы-асыл қазына
10
декабрь
2021
Бала құқығы-асыл қазына
Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінің 7-сынып жетекшісі Бектенова Айнур Мусаханқызы  "Бала құқығы-асыл қазына" тақырыбында ашық  тәрбие сағатын  өткізді. Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру. Тәрбие сағаты 10 желтоқсан халықаралық Адам құқығы күніне орай болды.