«Ынтымақ пен бірлік» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік фестиваль » Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Қаратал ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қ.Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72834) 26-5-30
Есепші бөлімі:
+7(72834) 26-5-30
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ынтымақ пен бірлік» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік фестиваль
29
апрель
2022

«Ынтымақ пен бірлік» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік фестиваль

Алматы облысы, Қаратал ауданы Қанабек Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебінде Балалар жылына орай  5-10 сыныптар  арасында 29 сәуір  халықаралық би күні  және 1 мамыр «Ынтымақ пен бірлік» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік фестиваль өткізілді.
Мерекелік фестивалді мектеп директоры Турлыбекова Әлия ашық деп жариялап,ел болашағы бірлік жолында екендігін атап өтіп,қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Ауқымды шараның мақсаты:мектеп оқушыларын бірлік пен ынтымаққа шақырып,достыққа  тәрбиелеу.Фестивальге қатысушы оқушылар қазақ,орыс,,өзбек, кәріс, чешен ұлт өкілдері атынан таныстыру,ұлттық би және сол ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін айту кезеңдері бойынша сайысқа түсіп,бір-біріне дес бермеді.Таныстыру кезеңі бойынша сайыскерлер сол ұлт өкілінде сөйлеп,төл мәдениетімен таныстырып өтті. «Ұлттық би» айналымы бойынша өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп,қатысушылар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сайыс соңында   сайыскерлер додада бір-бірінен ерекшеленіп,нәтижесінде орыс ұлты - 8- сыныбы I орынды жеңіп алса, II орынға  қазақ халқы-5 сыныбы , кезекті III орынды корей ұлты – 7- сыныбы  өз қанжығаларына байлады.
Фестивальге айрықша белсенділікпен қатысқан сыныптар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.Фестиваль соңында сайыскерлер бір шаңырақ аясында жиналып,достық шеруін құрды.Мерекелік шара барша көрермендерге көңіл-күй сыйлап,қайта жалғасын таба берсін деген ізгі тілекпен өз мәресіне жетті
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив