20
октябрь
2025
«Буллингтен қорған»
«Қ.Байсейітов атындағы орта мектеп»КММ«Буллингтен қорған» тақырыбындағы ақпараттық-түсіндірме жұмысы бойынша ақпарат Тақырыбы: Оқушыларға буллингтен қорғану бойынша брошюралар таратылды
Өткізілген күні: 2025 жылғы 20 қазан
Өткізілген орны: Мектептің дәліздері мен сынып бөлмелері
Жауапты: Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Мақсаты:
Оқушылар арасында буллингтің алдын алу, зорлық-зомбылықсыз және қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру, өз құқықтарын білуге және өздерін қорғауға үйрету.
Іс-шара барысы:
Мектеп бойынша «Буллингсіз мектеп» атты ақпараттық-танымдық акция өткізілді. Акция барысында директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Ермозанова оқушыларға буллинг түрлері, оның зардаптары және одан қорғану жолдары туралы түсіндірме әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар оқушыларға арнайы дайындалған брошюралар мен парақшалар таратылды. Онда буллинг жағдайында кімге жүгіну керек екені, өз-өзін қалай қорғау жолдары және сенім телефондары көрсетілді.