07
апрель
2025
«Қауіпсіз терезе»
Жетісу облысы Қаратал ауданы Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айының 7 күні мектеп инспектлры Қаратал АПБ ЖПБб полиция капитаны Мыңбай Алмас Ерланұлы «Қауіпсіз терезе» тақырыбында ата-аналар жиналысы және оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты - балалардың терезеден құлауының жазатайым оқиғаларының алдын алу, тұрғын және оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасына қазақстандық қоғамның назарын аудару.Сәбилердің терезеден құлау жағдайларының жиілеуіне байланысты қазіргі уақытта көпқабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету өзекті мәселе болып қала береді. Бұл әсіресе 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар арасында жиі кездесуде.Жазатайым оқиғалар ересектер тарапынан балаларды қадағалау, ашық терезеден құлау қаупі туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізбеу, терезелерге торларды, ашу құлыптарын/блоктарын орнату бойынша шаралар қабылданбауы себебінен болуда.