17
февраль
2025
«Алғашқы ұстаз-ата-ана,әкенің орны»
Жетісу облысы,Қаратал ауданы Қ.Байсейітов орта мектебінде «Әкелер мектебі» жоспары аясында 2025 жылдың 17-ақпанында бастауыш сынып мұғалімі Г.Орумбаева 1-4 сынып оқушыларының әкелерімен «Алғашқы ұстаз-ата-ана,әкенің орны» атты сынып сағатын өткізді. Әкенің орны туралы сынып сағатының мақсаты – оқушыларға әкенің отбасындағы және баланың өміріндегі маңызды рөлін түсіндіру, әкенің баланы тәрбиелеудегі және оған қолдау көрсетуіндегі жауапкершілігін көрсету.Яғни,1. Әкенің отбасындағы рөлін түсіндіру: Оқушыларға әкенің тәрбиедегі және отбасы мүшесі ретіндегі маңызын түсіндіру.2. Әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту: Әкенің балаға рухани, психологиялық және практикалық қолдау көрсетуінің маңызын көрсету.3. Баланың тәрбиесі мен дамуына әкенің әсерін зерттеу: Әкенің баланың психологиялық дамуына және мінез-құлқына қалай әсер ететінін түсіндіру.
4. Отбасылық құндылықтарды насихаттау: Оқушыларға отбасындағы өзара құрмет, жауапкершілік және бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығын ұғындыру.
5. Әкелердің тәрбие беру әдістерін көрсету: Әкелердің баланы тәрбиелеудегі әдістері мен рөлін ұғындыру, оларға үлгі ретінде қарау.