25
ноябрь
2024
"Экстремизм мен терроризмнің алдын қалай аламыз"
Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінің педагог-психологы Г.Мырзанова, ДТІЖО Б.Ахылбекова "Экстремизм мен терроризмнің алдын қалай аламыз" тақырыбында 7-11 сынып оқушылары арасында тренинг-жаттығу және түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы қандай әрекет жасау керегін түсіндіре отырып, бүгінгі өмірімен байланыстыра, алдын алу шаралары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға түрлі бағыттағы видео көрсетіліп, жаттығулар жүргізілді, соңында сауалнама алынды