29
April
2022
«Ынтымақ пен бірлік» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік фестиваль
Almaty region, Қаратал ауданы Қанабек Байсейітов атындағы МДШО бар орта мектебінде Балалар жылына орай 5-10 сыныптар арасында 29 сәуір халықаралық би күні және 1 мамыр «Ынтымақ пен бірлік» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік фестиваль өткізілді.
Мерекелік фестивалді мектеп директоры Турлыбекова Әлия ашық деп жариялап,ел болашағы бірлік жолында екендігін атап өтіп,қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. Ауқымды шараның мақсаты:мектеп оқушыларын бірлік пен ынтымаққа шақырып,достыққа тәрбиелеу.Фестивальге қатысушы оқушылар қазақ,орыс,,өзбек, кәріс, чешен ұлт өкілдері атынан таныстыру,ұлттық би және сол ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін айту кезеңдері бойынша сайысқа түсіп,бір-біріне дес бермеді.Таныстыру кезеңі бойынша сайыскерлер сол ұлт өкілінде сөйлеп,төл мәдениетімен таныстырып өтті. «Ұлттық би» айналымы бойынша өте жоғары деңгейде өнер көрсетіп,қатысушылар көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Сайыс соңында сайыскерлер додада бір-бірінен ерекшеленіп,нәтижесінде орыс ұлты - 8- сыныбы I орынды жеңіп алса, II орынға қазақ халқы-5 сыныбы , кезекті III орынды корей ұлты – 7- сыныбы өз қанжығаларына байлады.
Фестивальге айрықша белсенділікпен қатысқан сыныптар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.Фестиваль соңында сайыскерлер бір шаңырақ аясында жиналып,достық шеруін құрды.Мерекелік шара барша көрермендерге көңіл-кhouseсыйлап,қайта жалғасын таба берсін деген ізгі тілекпен өз мәресіне жетті