26
December
2023
"Ең әдемі бұрымды қыз"
2023-2024 оқу жылында Қ.Байсеитов атындағы орта мектебінде балаларды тәрбиелеу мен дамытуда “Ата-аналарды педагогикалық қолдау "бойынша әдістемелік ұсынымдар балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналарымен қарым-қатынас күшейту, берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында ата-аналар қауымымен жұмысқа бағытталған “Даналық мектебі” негізінде құрылған "Асыл әжелер " жобасын іске асыру мақсатында жоба жетекшісі Р.Бухабаева, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ахылбекова Б, қыздар ұйымының жетекшісі Г.Орумбаева және даналық мектебіміздің асыл әжесі Медетбекова С.М. бірлесе отырып қыз сұлулығы мен мәдениеттілігінің белгісін көрсету, эстетикалық талғамдарын жоғарлату мақсатында 6-11 сынып аралығындағы қыздармен "Бұрым қыздың көркі" атты тақырыбында шеберлік сабағы өтілді.Даналық мектебіміздің асыл әжесі Медетбекова С.М. қыздарымызға шаш күтімі жайында,шаштың киесі және ырым-тыйымдармен байланысы жайында баяндама оқып берді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында "Ең әдемі бұрымды қыз" атты тақырыбында қыздар арасында әр түрлі тәсілмен шаш өру шебер сыныбы ұйымдастырылды.