18
февраль
2022
«Сәлем,кітап!» атты экскурсия
Жетекші мектеп Қ Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебінде кітапханашы А.Жумабекова 1-сынып оқушыларымен «Сәлем,кітап!» атты экскурсия өткізді. Балалар кітапханашының адам өміріндегі кітаптың рөлі, шығу тарихы туралы әңгімесін тыңдады. Кітапхананың кітаптар қорымен, кітапхананың ережесімен танысты. Кітапхана бойынша экскурсия жүргізілді. Шараның соңында бірнеше оқушы кітапханаға жазылды. Кітапханашы 1-сынып оқушыларына кітапша сыйлап,"Жас оқырман" төс белгісін берді.