08
August
2022
«Мектепке жол» Республикалық акциясы
2022 жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын-алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясы
Министрлік бастамасымен «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізілуде. Осыған орай, әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балаларына демеушілік көмек көрсетіп, жаңа оқу жылына дайындау, балалардың мектепке баруына мүмкіншілік тудыру мақсатында мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін демеушілік көмек көрсетіп, қайырымдылық жасап, үлкен жүректілік танытады деген сенімдеміз.
«Жақсылық пен игілікті іс жасау - үлкен адамгершіліктің белгісі», адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы оларды жақындастырады, достастырады деп дана халқымыз айтқандай, жақсылық жасауға асығайық!
"Қ.Байсеитов атындағы МДШО бар орта мектебі"КММ
8/72834/26-5-30
Мектеп директоры Турлыбекова Әлия Кенжеғұлқызы
87054047334
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ермекбаева Жанар Искаковна 87751697673