«Жан жылуын сыйлайық!»
Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінің педагог-психологы Г.Мырзанова «Жан жылуын сыйлайық!» тақырыбында психологиялық апталығының ашылуын өткізді. Мақсаты: – Оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру; – Мейірімділік, жанашырлық, достық, өзара түсіністік құндылықтарын насихаттау; – Мектепте жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.